Қытайлықтар коронавирусты шөппен емдеген: Еліміздің дәрігерлері халыққа кеңес берді

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Астана медицина университеті» ҰАО Медициналық жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Малтабарова Нұрила Аманғалиқызы халықтың қытай дәрілеріне қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігер коронавирусқа қарсы ғылыми тұрғыдан дәлелденген препарат жоқ екенін айтты. Ол тексерілген дәрі-дәрмектерді ғана қолданған жөн екенін жеткізген. Оған қоса, дәрігер қытайлық әріптестерінің коронавирусты шөп дәрілермен емдегенін айтты.

"Біз ғылыми қызметкерлер болғандықтан, әр дәрі-дәрмекті ғылыми тұрғыдан зерттеуіміз керек. Содан кейін, ғана қолданыңыз, қолданбаңыз деп нақты айта аламыз. Бір жарым ай бұрын Қытайдан әріптестеріміз келген болатын. Олар көбінесе Қытайда өсетін шөптермен емдейміз деп айтқан еді", - дейді Нұрила Аманғалиқызы.

Нұрила Аманғалиқызы Қытайдан алып келген дәрілердің пайдасы дәлелденбегенін айтып, халықты сақ болуға шақырды.

"Ал қазір дәріханаларда сатылып жатқан дәрі-дәрмектерді алып, ішіңіздер, ішпеңіздер деп айта алмаймыз. Ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген препараттарды қолданғанда сақ болыңыздар", - дейді дәрігер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр