Қытай алты әскери кемесін Таяу Шығысқа қарай аттандырды – БАҚ
Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысқа байланысты Қытай Таяу Шығысқа алты әскери кеме жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдың алты әскери кемесі Израиль мен Палестина арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты Таяу Шығысқа ауыстырылды.
Қытайдың 44-әскери-теңіз күштерінің жедел тобы Оман Әскери-теңіз күштерімен бірлескен жаттығуларға қатысқаннан кейін 21 қазанда Маскат портынан кетті. Флотилия құрамына 052D типті зымыранмен қаруланған "Цзыбо" эсминеці, "Цзинчжоу" фрегаты және "Цяньдаоху" кешенді жабдықтау кемесі кіреді.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Израиль мен ХАМАС арасындағы шиеленісті шешу үшін тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды ұсынды.
Қытай СІМ басшысы Ван И Израильдің әрекеттері "өзін-өзі қорғаудан" асып түскенін атап өтті. Ол Тель-Авивті халықаралық құқықтың негізгі ережелерін бұзды деп айыптады және Газа секторының тұрғындарына шабуылдауды тоқтатуға, сондай-ақ келісімге мүмкіндігінше тез келуге шақырды.
Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания өздерінің әскери кемелерін Израиль жағалауына жіберген. Сондай-ақ, Пентагон 2000 теңіз жаяу әскерін сол жерге көшірді және Таяу Шығыста зымыранға қарсы кешендерді орналастыруды бұйырды.