Қытай АҚШ-тың коронавирустың шығу тегі туралы нұсқасын жалған деп атады

Коронавирустың жасанды шығу тегі туралы мәлімдемелер - жалған. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, "сапасыз өтіріктер мен қауесеттерді" АҚШ-тың жоғары лауазымды және ресми тұлғасы - АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Мэтью Поттингер таратады. 

 "Америкалық тарап бұл Поттингердің жеке пікірі ме, әлде АҚШ әкімшілігінің ресми ұстанымы ма, жоқ па, соны анықтайды деп үміттенемін", — деді Хуа Чуньин.

СІМ өкілі вирустың зертханадан шығуы теориясын сарапшылар бұрыннан жоққа шығарғанын еске салды. Осыған байланысты ол Вашингтон өзінің мәлімдемелерін дәлелдеуі керек екенін айтты.

Бұған дейін Қытайдың СІМ басшысы коронавирустың қалай пайда болғаны туралы айтты. Ол ҚХР COVID-19 инфекциясы туралы хабарлаған алғашқы мемлекет болғанын атап өтті.

Еске салайық,  коронавирустың жаңа түрінен туындаған COVID-19 пневмониясының өршуі алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. 11 наурызда ДДСҰ әлемде пандемия жариялады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр