Қытай АҚШ әскери кемесінің басып кіргенін мәлімдеді
Қытай халық-азаттық армиясы Оңтүстік Қытай теңізіндегі Наньша аралдарына америкалық зымыран крейсерінің заңсыз шабуылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times сайтына сілтеме жасап.
Қытай халық-азаттық армиясының оңтүстік аймағының қолбасшылық өкілі Тянь Дзюньли АҚШ әскери күштерінің әрекеті Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігін бұзды деп мәлімдеді. Қытай армиясы мұны Вашингтонның навигациялық гегемония мен Оңтүстік Қытай теңізін милитаризациялауға деген ұмтылысының дәлелі деп санады.
АҚШ Chancellorsville крейсерінің Қытайдың аумақтық суларына басып кіруі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Флоттың Twitter-дегі аккаунты кеменің халықаралық құқық нормаларына сәйкес келгенін айтады.
Бұған дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуде қарым-қатынаста "қызыл сызықты" белгілеген болатын.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ