Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кітаптың ақшасына алған": Фариза Төреәлі су жаңа көлік мінді

фариза блогерФото: https://www.instagram.com/nortayevjj/

Танымал блогер Фариза Төреәлі жолдасының берген көлігін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызының күйеуі, әйелін кітап жазғанымен құттықтады. 

“Жан жарыма ерекше сый! Сенің көптен күткен кітабыңның жарыққа шығуы – мен үшін де үлкен қуаныш. Осы ерекше сәтті есте қалдыру үшін саған жаңа көлік сыйлағым келді. Бұл – менің саған деген алғысым мен шексіз қолдауымның бір белгісі ғана. Сенің әрбір еңбегің жүректен шыққан. Сол себепті сенің кітабың да талай оқырманның жанына жол тауып, шабыт пен пайда әкеледі деп сенемін. Алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жетістіктерге жете бер! Кітабың оқырманға жол көрсететін шырақ болсын! Мақтанышымсың, жаным!”, – деп жазды Дархан Нортаев.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Фариза Төреәлінің күйеуінің табысын талқылап жатыр. 

“Бәрімізге Дархандай күйеу бұйырсын”, “Осылар ақшаны қайдан табады екен”, “Кітапты сатып, ақшасына көлік сыйлап жатыр”, “Дархан әйелінің айтқанына шықпайтын жігіт сияқты”, “Фариза ауадан ақша жасап, байып отыр”, “Блокнотын алғандар біргеміз”, “Күйеуі спорттан гөрі, әйелінің шашбауын көтеріп жүреді”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Фариза күйеуі 10 миллион теңгеге алып берген сағатын көрсеткен еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 15:54
Талқылау