Кітап оқымайтын қыздарға ашынған Нұрпейісов жаңа жобаны қолға алды (видео)
Қазақ қыздарының кітап оқымайтынына ашынған Әнуар Нұрпейісов кітапсүйер қауымның басын қосты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнуар Нұрпейісов желтоқсанның 15-і күні кітапсүйер қауымға арнап Өркен Кенжебек және Айдос Жомартовпен кездесу ұйымдастырды. Аталған кездесу барысында спикерлер оқуға лайық кітаптар туралы әңгіме қозғайды. Әнуардың өзі де қандай 3 кітапты оқуға рекомендейтінін айтады.
“Менің “мегақиын” сұрағым мен байқауда болған жағдай әлі де жұртты шулатып жатыр. Десе де, ол көптің кеудесіне ой салған сынды. Болған жағдайдың пайдасы бар. Адамдар менен ересек балаларға оқуға рекомендеуге болатын үш кітап айтуымды сұрап жатыр. Дәл сол кітаптардың атын естігіңіз келе ме? Осыған орай, Bookdating жобасын құрдық. Ол өзіңді дамытып, кітап оқуға құштарлығыңды ашады.
Жобаның мақсаты – өз саласының мамандарын шақырып, олардан кітаптарға қатысты кеңес алу. Олар өздерінің өмірін өзгертуге көмектескен үш кітап жайлы айтып береді. Ертең күтпеген жерден пайда болған Bookdating жобасы өз жұмысын бастайды. Біздің қонағымыз – Айдос Жомартов. Айдос – автостоппен бүкіл әлемді аралап шыққан алғашқы қазақстандық және еліміздегі автостоп мектебінің негізін салушы”, – дейді Әнуар Нұрпейісов.
Желіде актердің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір жазылды. Көпшілік дәл осындай кездесудің Алматыда да өткенін қалайтындықтарын жеткізді. “Әнуар, мен бұл байқауды көрдім. Сіз орынды сұрақ қойдыңыз. Жарайсыз! Ұйымдастырушыларға тек шоу керек болды. Ал сіз көп қызға дұрыс бағыт бердіңіз. Алла сізді әрдайым қолдасын”, “Өміріңді өзгертетін 10 кітап” деген тақырыптағы әңгімелер ашуымды келтіреді”, “Алматыда мұндай кездесу қашан болады?”, “Астанаға бара алмайтынымыз өкінішті” деп жазады олар.
Әзірге мұндай шараның Алматы қаласында да ұйымдастырылып, ұйымдастырылмайтыны белгісіз. Десе де кей қала өкілдері актердің көмегінсіз-ақ жобаны жалғастырып алып кететіндіктерін айтып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Нұрпейісов сексуалдық бейімділігінің дұрыстығына күмән келтірген тележүргізуше жауап берді
Актриса Айсұлу Әзімбаева ел алдында сүйіктісіне өз сезімін білдірді
Гүлнұр Оразымбетова елді шулатқан “қорқынышты” суретіне қатысты пікір білдірді
Қазақстандық актрисалар танымал фотографтың алдында шешініп тастады (фото, видео)

"Бар өмірім көз алдымнан өтті": Алматы маңында ер адам бойжеткендерді аңдып, соңынан қуған (видео)
