AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кистам түсіп қалды": Вакцина салдырған қазақстандық әйел денсаулығының жақсарғанын айтты

Қазіргі күні әлем елдері бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп тұр. Күннен-күнге коронавирус індетіне шалдығып, денсаулықтары нашарлаған науқастар көбейіп жатыр. Осы ретте сала мамандары қауіпті кеселді жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтып отыр. Дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, екпе салдырған қазақстандық Аружан Дүйсен көп жыл бойы мазалап жүрген дертінен жазылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

34 жастағы Аружан Қазақстанның оңтүстік өңірінде тұрады. Жас келіншек жеке мекемеде тазалықшы болып жұмыс істейді. Осыдан бес жыл бұрын әйел жыныс мүшесі ауруына шалдығып, көптеген мамандардың табалдырығын тоздырған. Бірнеше сараптамалардан кейін ғана нақты диагноз қойылған екен. 

"Менің етеккірім дұрыс келмейтін. "Қызыл күндер" басталса тоқтауы қиын, 1 айға дейін созылып кетеді. Арнайы дәрі-дәрмектерді ішкеннен кейін ғана денсаулығым түзелетін. Осыдан үш жыл бұрын гинеколог мамандар жатырым мен әйел түтікшесінен (трубамнан) киста тапты. Бұл өте қауіпті еді. Көптеген препараттар жазып берді. Бірақ ешқандай нәтиже болмады", – дейді жас келіншек. 

Аружан біраз уақытқа дейін екпе ектіруден қашып жүрген. Жас келіншек вакцинаға үлкен күмәнмен қарағанын айтады. Алайда жұмысында міндеттеген соң, медициналық мекемеге жүгінген. Препараттың бірінші компонентін салдырғаннан кейін, өзін жайсыз сезінген. 

"Вакцина салдырған күні жұмыс жасауға шамам болмады. Ыстығым көтеріліп, әлсіздік болды. Қолым да сыздап ауырды. Үйіме келіп, тыныққан едім. Түн ортасында әжетханаға бардым. Сол кезде екі түйіршектің іш киіміме түскенін байқадым. Ертесіне дәрігерге бардым, мені УДЗ аппаратына түсуге жіберді. Сол кезде трубамдағы кистамның түсіп қалғанын білдім. Бұл мен үшін ғажап нәрсе болды. Қаншама дәрі көмектеспеген еді", – дейді Аружан. 

Бүгінде жас келіншектің жатырында ғана кішігірм кистаның бар екені белгілі болып тұр. Гинеколог-мамандар да Аружанның жағдайына таңданысын жасырмаған. Жалпы медицина саласының қызметкерлері вакцина салдырған азаматтардың денсаулығында өзгеріс кездескенін айтады. 

"Байқасақ, вакцина салдырған кейбір кісілердің аллергиясы кеткен. Жаздың күні шөптің иісі мен шаң-тозаңға шыдай алмайтын жандер дертінен айыққандарын айтып жатыр. Ер кісілерде шаш түсуді баяулататынын да көрдік. Сонымен қатар түрлі жеңіл ауруларға екпе оң нәтижесін беруде. Бұл препараттардың басқа ауруларға да әсері әлі де зерттеліп жатқанын білеміз. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады деп ойлаймын", – дейді дәрігер-эпидемиолог Болат Пірімов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр