Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыспаққа алып, шығармайды": Тарбағатайда туберкулезден емделіп жатқандар шу шығарды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы туберкулезге қарсы мәжбүрлі түрде емдеу бөлімшесінің емделушілері жағдайларының жоқтығын айтып шағымданды. Тіпті, ондағы наразы болған науқас өзіне қол жұмсап, ішін тіліп тастапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

науқас

«Мұнда сұмдық жағдайлар болып жатыр. Сондай қыспаққа алып, шығармай. Түрмеде жатқан сияқтысың. Мұнда кесіліп те жатыр»

Өз-өзіне қол жұмсаған жағдай шілде айының соңында болған. Емделушілердің айтуынша, дәрі дұрыс берілмейді, жатар орын мен тамақтың жайы да жақсы емес. Сондықтан осындай қадамға барғандарын айтады. Ал дәрігерлер жағдайдың мүлдем басқыш екенін алға тартып отыр. 

«Бізде өткен жетіде прокуратуралық тексерістер болды. Біздің жағымыздан ешқандай тәртіп пен заңбұзышылық болған жоқ. Қазір науқастар өзінің тиісті емдерін қабылдау үшін басқа мекемелерге жіберілді», - дейді ШҚО фтизиопульмонология орталығы дәрігерінің бас дәрігері Шәрбат Қалиева. 

Талқылау