Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: Сайыстың алғашқы күнінде кімдер өнер көрсетеді

Бүгін 3 ақпанда Қытайда Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Жергілікті билік және Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус жаппай таралмауы үшін қатаң бақылауға алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фристайл могул

Нұр-Сұлтан мен Бейжің уақытында 2 сағат айырмашылық бар. Жарыстың іріктеу кезеңінде могулшылар сайысқа түседі. 

Сағат 16:00-де әйелдер жарысы өтеді. Мұнда Қазақстан атынан Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко мен Олеся Граур бақ сынайды. 

Сағат 17:45-те ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде отандастарымыз Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд сайысқа түспек.

Астана уақытымен 20:00-де шаңғымен тұғырдан секіруден ресми жаттығу өтеді. Жаттығуларға Сергей Ткаченко мен Даниил Васильев қатысады. 

Айта кетейік, кеше Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталған еді. Ал жарыстың ресми ашылу салтанаты 4 ақпанда болады.

Назархан Уән
Бейсенбі, 03 Ақпан, 2022 13:51
Талқылау