Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұр-Сұлтандағы әкімдікте ақша береді деп жиналған": Қысылып, мерт болғандар туралы видео қайда түсірілгені белгілі болды

Әлеуметтік желіде адамдар жиынында қысылып, мерт болған бірнеше студент жайлы видео жазба тараған. Таралған видео жазбасында өлімге әкелген жантүршігерлік жағдай Нұр-Сұлтанда болды деп жазылыпты. Stopfake.kz басылымы бұл жағдайдың Қазақстанда орын алғанын жоққа шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видео сипаттамасында оқиға Қазақстан астанасында орын алған деп айтылған: "8 наурызға орай Нұр-Сұлтанның көп балалы аналарына әкімдік 17 доллар береді" деп жазылды жазбада.

Кадрларда адамдардан құралған тобыр көп қабатты ғимараттың жоғарғы қабатында жиналған. Баспалдақ таяныштары көп адамның қысымына шыдамай, сынып, бірнеше адам жоғары қабаттан еденге құлап кетеді.

Stopfake.kz басылымы болған оқиғаның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екенін жазады. Себебі жазбада қазақша да, орысша да сөз жоқ.


Көлікті ұтысқа тіккен: Нұр-Сұлтанда халықтың жаппай жиналуына себепші болғандар полиция бөліміне жеткізілді 


Белгілі болғандай қайғылы оқиға Боливияда, Эль-Альто университетінде болған. Бесінші қабаттың алаңында бірнеше студенттер тұрған. Алдымен олар айқайлап, кейін ашуланған, содан кейін қыздар жұлысқан.

Баспалдақ таяныштары сынып кетіп, 16 метрлік биіктіктен жеті адам құлаған. Үшеуі оқиға орнында қайтыс болды, төртеуі ауруханада мерт болған.

Талқылау