Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кісі өліміне күдіктіден 9 миллион теңге пара алған": Алматы облысында айыптау фактісін өзгертпек болған судья ісі қаралуда

Алматы  Қонаев қаласы сотының төрағасы кісі өлтірді деп күдікке ілінген азаматтан 9 миллион теңге алғаны үшін сотталды. Ол сотта айыптауды қайта жіктеуге көмектесуге келіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден 

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, Қонаев қаласы сотының төрағасы Жайық Жанболатовтың ісі бойынша сот процесі басталған.

“Тергеу мәліметтері бойынша, ол кісі өлтіру бойынша айыптау фактісін өзгертуге көмектесу үшін 9 миллион теңге алған. Қылмысқа екі ағайынды қатысқан. Олар 17 жастағы қызбен араласып, кейін оны өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген. Ата-анасы кіші ұлының тағдырын жеңілдетуге тырысып, ол қысқа мерзімге қол жеткізді. Ал үлкені кінәні өз мойнына алды. Жанболатов көмектесуге уәде бергенімен соңында жеңе алмады. Сондықтан адвокат арқылы ақшаны қайтармақ болған. Алайд бұл кезде Антикор аппараты оны бақылап отырды”, – делінген жазбада.



"Іс материалдарында судьяға байланысты құқық бұзушылық Алматы облысының Қонаев қаласында болған. Алайда, жан-жақты және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында іс мәні бойынша басқа сотқа – Алматы облысының Қарасай аудандық сотына қарауға жіберілуге тиіс", - деп түсіндірді облыстық сотта.

Сот төрағасына алаяқтық бойынша айып тағылмақ. Бұл қылмысы үшін ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ 90-180 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу арқылы құтылуға мүмкіндігі бар.

Талқылау