Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай пәтерін виллаға ауыстырған: Қазақстандық қыз қызықсыз жұмыстан шығып, қазір айына 8 миллион теңгеден астам табыс табады

25 жастағы қыз өзінің “перспективасы жоқ” жұмысын тастап, қазір толық емес жұмыс күнінен айына 15 мың фунт стерлинг (8 миллион 228мың теңге) табады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun сайтына сілтеме беріп.

кристина брайт

25 жастағы Кристина Брайт фаст-фуд мейрамханасында күніне 18 сағат жұмыс істеп, айына 600 фунт стерлингтей табыс тапты.

Бірақ өткен жылдың наурыз айында қазақстандық “модель” өзінің бұл өміріне көңілі толмағандықтан, OnlyFans сайтынан парақша ашқан.

Ашық сайттан Кристина 2500 жанкүйер жинап, танымал болып кетті.

Өзінің айтуынша, ашық фотосуреттерін сатып, шамамен 260 000 фунт стерлинг жинаған.  Осылайша өзінің "кішкентай" пәтерін бассейні бар сәнді виллаға айырбастай алды.

"Ол кезде менің пәтерім кішкентай еді, бәрі ескі, жиһаздарым сынық. Өмірім де жаман еді, тек жұмыс, үй, шығындар ғана болды. Ақшам тек сол шығындарды төлеуге жететін, пәтерақы төлеп, анда-санда жаңа футболка сатып алудан басқа ештеңе ала алмадым. Өмірім босқа өтіп жатқандай сезілетін. Өйткені өзіме де, жақындарыма да, қыдырып, көңіл көтеруге, киім алуға да уақыт бөле алмадым”, – деді ол.

Кристинаның айтуынша, ол тіпті демалыс уақыттары мен мереке күндері де жұмыс істеген.

Кристина Қазақстанда дүниеге келген, бірақ Жапонияда өсті. Содан кейін  анасының тұрмыс құруына байланысты Түркияға көшкен.

алайда 16 жасында Қазақстанға оралуға мәжбүр болды. “Сәнқой” Қазақстандағы өмірін "таудан батпаққа түскендей" деп сипаттады.

Жақында  анасы оның жұмысы туралы біліп, оны қабылдай алмаған.

"Ол платформаның не екенін және менің не үшін ақша алатынымды білмеді. Бір күні Twitter парақшамды көріп, қатты ренжіп ашуланды. Бірақ кейін мен оған бәрін түсіндірдім, ол таңдауымды қабылдады. Қазір арамыз жақсы”, – деді Кристина.

Алайда модель оның өмірлік таңдауын қабылдауға дайын адамды табу қиын екенін атап өтті.

"Маған жігіт табу өте қиын. Мен жиі қарым-қатынас құрмаймын. Бірақ өз адамымды тапқандай болсам, болашақта ешқандай түсініспеушілік болмас үшін бәрін тікелей айтамын. Бірақ олар мені түсінбесе, арақатынасымыз ұзаққа созылмайды", – деп түсіндірді ол.

Енді ол тағы да Түркияда тұрып, 40 жасында зейнетке шығуға үмітті.

Талқылау