Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттік резервтен жоғары лауазымдарға не себепті қазақстандық шенеуніктердің туыстары тағайындалатыны белгілі болды

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шенеунік

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген ел азаматы қатыса алады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

“Президенттік кадр резервінің талаптарына сәйкес жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болуы үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс. Олар: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (Assessment center және құзыреттер бойынша сұхбат), сарапшылық комиссияда әңгімелесу, Ұлттық комиссия отырысы”, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының айтуынша, іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу мәселесіне арналған брифингте журналистерді қазіргі шенеуніктердің туыстарының неліктен резервтегілерге жиі түсетіндігі қызықтырды.

“Іріктеуден өткен қатысушылардың жоғары білімі ғана емес, лауазымды қызметте туыстары да бар. Осындай туыстары бар кандидаттарға тыйым салу жоспарда бар ма?” деген сауалға Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл: “Конституция бойынша әрбір азаматтың мұндай байқауларға немесе іріктеулерге қатысуға құқығы бар. Сондай-ақ ережеге сәйкес іріктеуге 35 жастан асқан, жоғары білімі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен меңгермеген, жалпы еңбек өтілі бес жылдан кем емес Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бұл төрт негізгі талап. Сондықтан кейбір қатысушыларды әлдекіммен туыстық байланысы бар болғандықтан байқауға қатыстырмау әділетсіздік деп санаймыз. Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз”, – деп жауап берді.

Талқылау