Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз жорамал

Қыркүйекте алдына мақсат қоя білген адам, арманына елден бұрын жететінін ескерсеңіз, жетістікке жету жолында ешқандай кедергі болмайды. Күздің алғашқы айы бізге қандай жаңалықтарымен келетінін білу үшін Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға жұлдызды жорамал ұсынады.  

Қақпанға түсіп қалмаңыз: Қыркүйекке арналған жұлдызды жорамал

Қыркүйекте ең бастысы өзіңізге сенімділік білдіріп, қайсарлық танытыңыз. Болмашы дүниелердің соңынан қумаңыз. Жұмыста қаншалықты батыл болсаңыз, нәтижесі де соншалықты жақсы болмақ. Қыркүйекте не нәрседе болсын асығыстық танытпағаныңыз абзал. 

2019 жылдың қыркүйегінде көңіл-күй күрт өзгеруі мүмкін. Эмоцияны бақылау - күмәнді бейтараптандыруға және мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Достарыңыз бен сүйікті адамыңыздың қолдауынан бас тартпаңыз. 

Бұл айда адам үшін қарым-қатынас өте маңызды. Сондықтан көптеген адаммен танысуға тырысыңыз. 2019 жылғы қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал лотерея ұтып алуға мүмкіндігіңіздің көп екенін айтады. Бұл сізге бизнес ашуға немесе жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға жәрдемдеседі.

Сонымен қатар, қыркүйекте денсаулықты сақтау, белсенді спортпен шұғылдану және денені бір қалыпта ұстау өте маңызды. 

Тоқты

Тоқтылар маңызды жұмыстарын кейінге қалдыратын болса, Бикештегі Марстың үлкен мүмкіндіктерінен қол үзіп қалуы мүмкін. Астрологтар ішкі дарынын барынша көрсетіп, жақсы қасиеттерін жариялаған жөн деп кеңес береді. Егер Тоқтылар осы айдың инерттігін жеңе алатын болса, жұлдыздар жаңа мүмкіндіктер сыйлап, ақша, махаббат, жұмыс мәселесін реттейді. Алдағы аптада тоқтылар мақсат қойып, соған жетуден тайсалмай, ғажайыптарға жол ашатын болады. Алайда, олар қай бағытта әрекет жасап, нендей тәсілдерді қолдану керек екенінен бейхабар. 

Тоқтыларға қыркүйек айы сәттіліктің уақыты болмақ. Бірінші кезекте тағдыр сіздің махаббатыңызды жолықтырып, сезімдеріңізге жақсы өзгерістер алып келеді. Жаныңыздағы жұбыңыз сізді таңқалдырып, оқиғаны өзі қадағалайды.

Сонымен қатар, мансап жолында да бірқатар өзгеріс болмақ. Қыркүйекте жоғарғы лауазымға ие болып, жалақыңыз көтерілуі ықтимал. 

Қыркүйек қаншалықты жағымды болып, сіз қиял қанатында қалықтап жүрсеңіз де, сізге мұқтаж жандар туралы ұмытпағаныңыз абзал. Көптен бері хабарласпай кеткен достарыңыз бен жақындарыңызды есіңізге алып, ең болмаса хабарласып, жағдайын сұраңыз. Туыстарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартып, күтпеген жерден қонаққа барыңыз.

Қыркүйекте тоқтыларға үй жануарын сатып алу керек. Өйткені жануарлар сіздің мейірімділігіңізді арттаратын болады. 

Торпақ

Қыркүйектің алғашқы күнінен бастап, торпақтар өздеріне басымдық беруі керек. Венера таразыға көшкен кезде, яғни 14 қыркүйекке дейін өміріңізде күтпеген тосынсыйлар көп болады. Сол себепті айдың ортасына дейін күшіңізді маңызды нәрселерге ғана жұмсағаныңыз жөн. Айдың екінші және үшінші он күндігі отбасылық қатынастар орнатуға, жақсы неке қиюға, сондай-ақ бал айын жоспарлауға қолайлы. Таразыдағы Венера жасыл жарық беріп, махаббат отын тұтата түседі. Қаржы мәселесі де айтарлықтай жақсарады деп болжайды жұлдыздар. 

Қыркүйекте Торпақтардың қызметтік жолы әдеттегіден жақсара түседі. Бірақ асығыстық танытпаған жөн. Барлық нәрсенің орны мен уақыты бар. Оған қоса, ақша жинау үшін қыркүйек ең қолайлы ай болып табылады. Сондықтан қаражатыңызды болмашы нәрселерге құртпағаныңыз жөн.

Отбасылық жағдайда барлығы жақсы болмақ. Дегенмен тыныштық бұзатын, жағымсыз энергия тарататын жақыныңыз болуы мүмкін. Бірақ, сол мәселені сіз оңай шешіп бере аласыз. Сондықтан, мұқият болыңыз. 

Денсаулығыңыз туралы уайымдамасаңыз болады. Өміріңіздегі тыныштық денсаулығыңызға жақсы әсер беріп, күш-қуатыңызды арттырады.

Егіздер

Бұл қыркүйекте жұлдыздар Егіздерге қауіпті келісімшарттардың өзінде де көмек көрсететін болады. Меркуридің әсерінен 1-14 қыркүйек аралығында көптен бері аша алмай жүрген құлыптың кілтін табады. Егіздер үшін күздің басы жаңашылдықтың бастауы болмақ. Меркурий мақсатқа жету жолында барлық жолдарды байқап көруге мүмкіндік беретін болады. Ал қиындықтар туа қалған жағдайда, салыңызды суға кетірмей, мәселені шешуді өз қолыңызға алсаңыз, барлығы жақсы болады дейді мамандар. 

Дегенменн, егіздерге шешім қабылдау барысында мұқият болған жөн. Өйткені қыркүйекте қабылданған шешім, өміріңізге тікелей әсер ететін болады. 

Егіздердің қыркүйекте жеке кәсіппен айналысу мүмкіндігі жоғары, дегенмен, ол айтарлықтай дами қоймайды. Дұрыс шешім қабылдап, сенімсіз істерге тәуекел ету керек. Егер тәуекел етпесеңіз, қаражат жағынан қиындыққа тап боласыз. 

Қатты уайымдағаннан және күйзелістен егіздер айдың соңында сырқаттанып қалуы мүмкін. Сондықтан денсаулыққа көңіл бөлген абзал. 

Шаян

Шаяндарға қыркүйек айында  денсаулығын қадағалау керек. Физикалық және эмоцианалдық жағдайыңыз көп нәрсеге әсер ететін болады. Юпитер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ күзгі суықта шыңдарды бағындыру жақсы идея емес. Сондықтан кейде денсаулық туралы ойлауды ұмытпаңыз. Өзіне, өміріне, қарым-қатынасына және жалақысына қанағаттанбау - Шаяндарда жиі болып тұрады. Бірақ күз мезгілі бұл белгінің адамдарын өзіндік рекорд жасауға итермелейтін болады.

Қыркүйекте сәтсіздіктер Шаяндарды айналып өтеді. Дегенмен айдың алғашқы екі аптасында отбасылық жағдайда келіспеушіліктер болады. Олар тез шешілетінін ескеріп, ауыр сөз айтпауға тырысыңыз. Сол кезде ғана екінші жартыңызбен қазанның басында қайтадан тату-тәтті өмір сүретін боласыз.

Жұмыста бәрі ойдағыдай болады. Бірақ бұрынғы қарқыныңыздан таймай, жұмыс істеуіңізді жалғастыра беріңіз. Бұл айда демалыс алуға болмайды. Өйткені жұмысыңыз көбейіп, келгеннен кейін қиналып қалуыңыз мүмкін. Демалыс уақытын қыс мезгіліне ауыстырса, Шаяндар үшін қолайлы болмақ. 

Арыстан

Арыстандарға қыркүйек өте жемісті ай болмақ. Сондықтан күздің алғашқы күндерін жақсы жағынан пайдалануға тырысыңыз. Күн нақтылық, тез шешім қабылдаушылық, қабілеттілік сынды қасиеттерді күшейте түседі. Жеке бостандыққа деген ұмтылысты басқаларды басқаруға деген ынтамен біріктіруге болады, бұл өмірдің әртүрлі саласындағы бедел мен бәсекелестікке байланысты проблемаларды күшейтеді. Астрологтар арыстандарға өз жұлдыздарының талисмандарына жүгінуге кеңес береді. Күз мезгілінде арыстандарға от артықтық етпейді. Шам, от жағып жылыну, жылы түстерді күнделікті қолдану күшіңізді қалпына келтіреді. 

Арыстандарға бұл мезгіл махаббат белгісімен басталады. Отбасылық жұптар үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасап, жан-жақтарын бірлесе реттейді. Ал енді ғана сезімге аяқ басқан арыстандардың қарым-қатынасы баяу түрде дамып, тылсым қырларымен ерекшеленетін болады. 

Жақындарыңыз және туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас жасаңыз. Олардың тарапынан сізге жақсы сыйлықтар жасалатын болады. 

Арыстандардың денсаулығында кінәрат болмайды. Дегенмен алдын ала ем қабылдағаныңыз, суыққа дайындалғаныңыз абзал. Оған қоса, физикалық тұрғыдан өзіңізді дамыту керек. 

Бикеш

Бикештерге белсенділікті төмендету керек. Планеталардың шоқжұлдыздарында жиналған сәтсіздікке ұшырап қалуыңыз ықтимал. Асығыс шешім қабылдамағаныңыз абзал. Парсаттылығыңызды көрсетіңіз. Логикаңыз басым болғанымен, махаббатқа келгенде бұл ұтқырлығыңыз кедергі келтіреді. Қыркүйек айында Бикеш шығармашылық шыңына жетеді. Рас, ойдың абстрактілігі өзгеруі мүмкін. Астрологтар мұндай қақпанға түсіп қалмаңыздар деп ескертеді. 

Сонымен қатар, Бикештерге денсаулығына жақсы күтім жасау керек. Өйткені күз мезгілінде бас ауруы көп болып, ұйқысыздығыңыз ашуланшақтыққа алып келуі мүмкін. Сіздің ашулы қалпыңыздың кесірінен басқа құндылықтарыңыз зардап шегуі мүмкін. 

Қыркүйекте жұмыс жағдайы ауырлап, айналаңыздағылармен қарым-қатынас орнату қиынға түседі. Бұрынғы қарымыңыз басылып, мұңға батып, жалқау болып кетуіңіз әбден мүмкін.

Мазасықдықтан құтылғыңыз келсе, көп жұмыс жасап, бос уақыт қалдырмаңыз. Бұл хәлден шығу үшін көп ұйықтағаныңыз абзал. Оған қоса, жақындарыңызға өзіңізге қамқорлық жасауына мұрсат беріңіз. 

Таразы

Таразылар 14-30 қыркүйек арасында шаршаңқы болып, апатияға ұшырайды. Жаңа іс бастағысы келетін таразыларға бұл ойын кейінге қалдыруға тура келеді. Қыркүйек жұмыс үшін қолайлы емес. Ал демалысқа шығатын болсаңыз, жалғыз өзіңізге саяхаттаған жөн. Өйткені жаныңызда басқа адамдар болса, сізге қолайсыздық туғызуы мүмкін. 

Қыркүйектің басында жақындарыңызбен тіл табысу қиынға соғады. Әсіресе өзіңізден кішкентай адамдармен. Сіз өзіңізді бір қабырғаға соғылып, бірақ арғы бетке өте алмай жатқан адам секілді сезінесіз. Ал қабырғаны тесіп арғы бетке өту үшін, жақсылықпен қатар жамандықтың да қажет болатынын ұғынуыңыз керек. Бірақ келіспеушілікті әңгімелесе отырып шешкеніңіз абзал. 

Өміріңіздің басқа жақтарында бәрі жақсы болады. Бірақ ол үшін басшылықпен, достарыңызбен, жақындарыңызбен, жалпы адамдармен қарапайым, сабырлы болуға тырысыңыз. Барлығын өзіңіз жалғыз шеше алмайтыныңызды түсініп, өмірге сізді дұрыс бағытқа жетелеуге мұрсат беріңіз.

Сарышаян

Сарышаяндарға бұрынғы қарым-қатынастарын реттеуге тура келеді. Мұны өздері қолға алып, қадағалаулары тиіс. Жалғыздықтан қорықпаңыз, тез арада өзіңіздің хоббиіңіздің жаңа нысанын тауып алыңыз. Қыркүйек айында Сарышаяндар өзінің мінез-құлқын өзгертіп, бәрін таңғалдыруылары керек. Белсенді Плутон сарышаяндарды бос әңгіме айту мен сөзінде тұрмау сынды қасиеттерінен арылтатын болады.

Сарышаяндарға қыркүйек айтарлықтай жағымды болмайды. Өйткені барлық жұмысты жасап бітіруге шамаңыз жетпейді, оған қоса, жұмыс істеуге құлшынысыңыз да көп емес. Проблемаларға толығымен кіріп кетпес үшін демалып тұруыңыз керек. Ең болмаса аптасына бір рет қайта қалпыңызға келгеніңіз абзал. 

Демалыс кезінде сүйгеніңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Көптен бері шешімін таппаған мәселелеріңіз дұрысталады.

Бұл айда сарышаяндарға денсаулығын жақсарту керек. Ол үшін күн тәртібіне толықтай өзгеріс енгізіңіз. Денсаулыққа пайдалы тағамдарға ауысатын уақыт келді. Арнайы тәртіп бойынша тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстағаныңыз абзал. 

Мерген

Мергендердің бұл айда қаржылық және жеке мәселелері сәтті болады. Шұғыл шешім шығаруға қорқақтық танытады. Сонымен қатар, Мергендер өзінің табысты болуының себебін анықтайды. Жұмыс таппай жалығып жүрген Мергендер жаңа жоба бастап, бос уақыттары болмайды. Сондықтан Мергендерді бұл айда ұстау мүмкін емес. Оларға жұмыс жасауға мүмкіндік берген абзал. 

Бұл айда Мергендер махаббат хикаясының қайнаған қазанына түсіп кетеді. Сүйгеніңіз басқа адамды жақсы көруі мүмкін. Немесе екінші жартыңыз сізден күдіктенуі ықтимал. Нәтижесінде жағдай сіздің жағыңызға шығып, дұрыс шешім табады. Дегенмен, біраз жүйкеңізді жұқартасыз. 

Жұмыс орнында Мергендер өзін жақсы жағынан көрсете бастайды. Егер кәсіпкерлікпен айналыссаңыз, сіздің жұмысыңыз жақсы табыс алып келетін болады. Егер жалдамалы жұмысшы болсаңыз, сыйақы аласыз. Алған қаражатыңызды денсаулығыңызға, сұлулығыңызыға, өзіңізге және жақындарыңызға жұмсауыңыз керек. Сол кезде ғана табысыңыз еселенетін болады. 

Тауешкі

Тауешкі белгісінде туғандардың өмірін Марс пен Сатурн өзгертуге мүмкіндік береді. Бірақ, 18 қыркүйекке дейін сіз өзіңіздің барлық күш-жігеріңізді көп энергияны қажет етпейтін жұмысқа жұмсауыңыз керек. Өзінің табысына көңілі толмайтын Тауешкілерге ұнаған ісінен ақша табу бақыты бұйырады. 13-30 қыркүйек арасында Тауешкілер үшін үлкен мүмкіндіктер туады, сондықтан оны жіберіп алмаған абзал. 

Тауешкілерге қыркүйек айы жағымсыз әсер етеді. Ең бірінші достық ара-қатынас күрт бұзылуы мүмкін. Бұл жұлдыздағылардың мінезіне достарының көңілі толмайды. Дегенмен Тауешкілердің өздері бұл негізсіз жазғыру деп баға беретін болады. Сол себепті достарыңызбен отырып жақсылап сөйлескеніңіз жөн болады. 

Ал Тауешкілердің отбасылық жағдайы қыркүйекте оңалып, тыныштық табады. Айдың соңында отбасын біріктіріп, татуластыратын, жақындастыратын бір жақсы оқиға болады.

Тауешкілер ақшаны қыркүйекте әдеттен тыс құртатын болады. Дегенмен, бұл әрекеттерінен кедей болып қалмайды, керісінше жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін бұл ай шешімін таппаған мәселелердің оңтайланатын уақыты болмақ. Айдың алғашқы жартысында Суқұйғыштардың жұмысы жүрмей, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Алайда жұлдыздар 13 қыркүйектен кейін барлығы орнына келетінін жеткізді. Сонымен қатар, сіздің тарапыңыздан болатын қызғаныш үлкен дауға әкелуі мүмкін. 

Қыркүйекте Суқұйғыштарда ойламаған оқиғалар мен түсініксіз жағдайлар орын алуы ықтимал. Сәтсіздіктердің деңгейі аяғыңызды қайырып алудан жол апатына түсуге дейін барады. Мәселелерден қашып құтыла алмайсыз. Сол себепті алдын ала дайындалып, қиындықтан шығудың жеңіл жолын іздестіріңіз. 

Ал махаббатқа келетін болсақ, қыркүйек суқұйғыштар үшін сезімге толы болады. Екінші жартысын кездестірмегендер махаббатын табады, ал сүйгені барлар қарым-қатынастың жаңа деңгейіне өтеді. Тіпті отбасылардың балалы болу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. 

Балықтар

Балықтар қыркүйекте күш жинайтын болады. Жеке өмірлерінде көптеген қызықты оқиға болып, жаңа кездесулер ұйымдастырады. Ұмытшақтық, қаталдық, жауапкершіліктің жоқтығы және есіңізді жоғалтқанға дейін жұмыс істеу қыркүйекте балықтарда болатын қалыпты құбылыс. Егер бойыңызда жағымсыз қасиеттердің пайда болуына жол берсеңіз, үлкен қиындықтар пайда болуы мүмкін. 

Балықтар үшін қыркүйек жарақаттың айы. Сондықтан абай болғаныңыз жөн. Қыркүйек сіз үшін қарқынды жұмыс жасап, тынбай еңбек ететін, біраз қаражат табатын уақыт. Сол себепті демалысқа бармағаныңыз дұрыс болады. Ал махаббатқа келер болсақ, күнделікті сезіміңіздің еселенуі қалыпты құбылысқа айналады. Яғни екінші жартыңызға деген махаббатыңыз ұлғая түспек. 

Талқылау