Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кірістер комитетіне есеп өткіздім": Басы дауға қалған Ырысбала Икрамбай қазіргі жағдайын баяндап берді

ырысбала блогерФото: Жеке парақшадан алынды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай қайырымдылыққа ақша жинап жүріп, өзінің жағдайын жасап алды дегендерге үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы ешкімнің аяқтан шала алмайтынын ескертті. 

"Мен дәл қазір білекті сыбанып тастап тірлік істейтін шақта екенмін. Тек алға қарай баса беремін, өсемін, өрлей беремін. Ырысбала халыққа есеп берсін деген жандар, 100 үй осы елдің ішінде, осы Қазақстанда тұр. Есеп керек болса, аралап шығыңыздар. Ырысбаланы тексерсін дейтіндер, тексере берсін. Мен басқа мемлекетке қашып кеткен жоқпын. Халықтың алдында, көптің ішіндемін. Ырысбала байып кетті деп қыртатындар, мен істеп жатқан жұмысым, байлығым жайында есепті Кірістер комитеті, салық органдарына тапсырамын. Керек пе, сол жақтан сұраңдар. Мен үшін бұл тақырып жабық, соңғы сөзім тексере беріңдер. Мен өзімнің істеген ісіме жауап беремін. Маған қыртып отырғандардың видеосын жібермеңіздер, мен мүлде қарамаймын. Қыртып отырғанша қолдарыңнан келсе 100 емес, 10 баспана сыйласын", – деді блогер. 



Бұған дейін сынықшы Бағдагүл ханым блогерді қаралап, видео түсірген еді. Оны Перизат Қайрат секілді тексеру керек деген ұсыныс та айтты. 

“Сезікті бірінші секіреді деп Ырысбаладан есеп сұрап едік, жағамыздан алды ғой. Мен айтсам ашық айтамын, халық біледі. Сен бірінші үлгі ал. Сенің тілің көп көрген, көп жасап тастаған әйелдің тілі сияқты. Мен сені менімен жасты әйел деп ойлайтынмын. Енекем шығар деп едім. Жап-жас келіншексің. Көрінгеннің бетін алып, жағасын жыртқанша есеп бер. Перизат Қайратты қалай тексерді сені де тексеру керек солай. Зәулім сарайды қалай, қай ақшаға салдың барлығын айт. Мен де есеп беремін, кез келгенін келіп сұра, ешкімнен артық ақша алған емеспін", – деді ол.

Еске салайық, желіде блогер мал бордақылау үшін мемлекеттен 50 миллион теңгеге жуық ақша алды деп айыпталған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 13:29
Талқылау