Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қырық градус температурада өзіңді басқара алмай тұрған сәт еді": Алеся Сафронова жанжал туғызған сөзіне қатысты пікір білдірді

Федерацияның сатылатынын мәлімдеген волейболшы Алеся Сафронова ел чемпионатына оралуға үмітті. Оны спорттағы әріптестері қолдап жатыр. Олар Сафронова бір матчтан ғана босатылуы тиіс еді, дейді. Бірақ Волейбол Федерациясы өз шешімін өзгертпеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Алеся Сафронова ойын алаңында шығып ойнаудың орнына жаттығу залында уақыт өткізіп жатыр. Оның пікірінше, федерацияның жарыс біткенше ойындарға қатыстырылмау шешімі өте қатал. Себебі ол жанжал туғызған сөздерін эмоцияға беріліп айтып жіберген. 

"Ел алдында, үлкен ел алдында кешірім сұраймын. Себебі бұл дұрыс емес пікір болды. Бұл қырық градус температурада өзіңді басқара алмай тұрған сәт. Төрешілер біздің кез келген олқылығымызды байқап, қызыл қағаз беріп отырды. Арғы жақтағы ойыншылар тұрып, ортаңғы саусақтарын көрсетті, басқа команданың жаттықтырушылары біздің жаттықтырушымызға боқтық сөз айтып айқайлады, біз бәрін көріп, естіп тұрмыз. Төрешілерде үн жоқ. Әрине, бұл адамды ашуландырады", - дейді ойыншы.

34 жастағы волейболшы осыдан он үш жыл бұрын Украинадан келген. 

"Дисквалификациядан бұрын оған екі рет сары қағаз беру керек болатын. Сары қағаздар болған жоқ, ойынға қатысты ескертулер де болмаған. Екіншіден, оны алаңнан шеттетуге, яғни ойыннан шығару керек еді. Осыдан кейін барып дисквалификация жайлы айтуға болады. Одан бөлек, тәртіптік жаза бар, матчтан шығаруға болады. Жалпы, мансапқа тосқауыл қою споршы үшін өте ауыр", - дейді, "Қазақстандық спортшылар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Қарлығашев.

Қазақстан Волейбол федерациясы өз хатында жанкүйерлер тарапынан шағымдар болғанын және дисквалификациямен шектеліп қалмайтын атты.

"Жетісу" капитаны Алеся Сафронованың мәселесі спорт ұйымы мүшелерінің отырысында шешілетін болады. Федерацияның өзі сотқа жүгінентінін және кешірім сұрауға кеш екенін айтады.

"Кез келген жағдайда адам өзін бақылап, өз сөзіне жауап беруі тиіс. Ол федерацияда бір нәрсе сатып алынғанын дәлелдесін. Қандай дәлелдері бар? Бұл сот шешетін іс. Оның федерацияда бәрі сатып алынып, бәрі сатылатыны туралы дәлелдері бар ма? Біздегі төрешілер ең әділетті төрешілер, себебі бұл осындай спорт түрі. Тіпті әлемдік ауқымда және Азия құрлығында біздің төрешілер өте үлкен рейтингке ие", - дейді Ермек Сырлыбаев, ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы.

Айта кетейік, Талдықорғанда өткен әйелдер командалары арасындағы волейболдан 2020/2021 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының бірінші турында оп капитаны Алеся Сафронова камераға дауыстап: "Қазақстанда барлығы сатылады! Федерация да!", - деп айқайлады. Осыдан кейін кешіріп сұраған спортшыны әріптестері де қолдады.

Талқылау