Қырғызстанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды
Қырғызстантанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды. Президент Садыр Жапаров балалардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы заңда бұған қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, егер ақпаратта отбасылық және дәстүрлі әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығару белгілері болса немесе туыстарына құрметсіздік білдіретін болса, балалар үшін де зиянды болып саналады.
Сонымен қатар, заң балаларды өз-өзіне қол жұмсауға, есірткіге, темекі мен алкогольге, құмар ойындарға, жезөкшелік пен қайыршылыққа итермелеуге тыйым салады.
Басқа да тыйымдарға "құқықсыз әрекетті ақтау", әдепсіз сөздер, порнография, адамдар мен жануарларға қатыгездік жатады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн