Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстанмен қарым-қатынас туралы айтты
Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров қызметіне кірісті. Ол ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстанмен одан арғы қарым-қатынастар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Садыр Жаппаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда Бішкекте орналасқан Қырғыз ұлттық филармониясында өтті.
Жаңа президент қырғыз халқына ант берді. Мемлекет басшысы ретінде "әділ билік жүргізіп, адам құқықтарын қорғап, Конституция нормаларын сақтайтынын" атап өтті.
Сонымен қатар Жаппаров ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, оның нығая түсетінін айтты.
Қырғызстан президенті сыртқы саясаттың басым бағыттарын атап өтті.
"Пандемия кезінде Қазақстан мен Өзбекстанның көрсеткен көмегін атап өтпеу жөн болмас. Бұл елдермен тарихымыз бен тағдырымыз бір. Біз көршіміз. Орталық Азия елдерімен және Түркиямен жан - жақты қарым-қатынастарды нығайтуды жалғастырамыз", - деді Қырғызстанның басшысы.
Еске салайық, 2020 жылғы қазандағы жаппай наразылықтардан кейін сол кездегі президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы және премьер-министр Садыр Жапаров болды.
Қырғызстанда 10 қаңтар мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті.
Садыр Жапаров президент сайлауына қатысу үшін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы және премьер-министр өкілетін тоқтатқанын мәлім етті. Нәтижесінде ол халықтың көп дауысын жинап, мемлекет басшысы болып сайланды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
