Қырғызстанның мемлекеттік туы өзгертілмек
Қырғызстан парламенті республика туының дизайнын өзгерту туралы шешімді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: limon.kg
Қабылданған құжат мемлекеттік тудың дизайнын ішінара өзгертуді көздейді. Депутат Ұлан Пірімовтың айтуынша, тудағы толқын тәрізді сәулелер, күн сәулелерін анық еске түсіретін тік пішінге ие болады.
Фото: kenesh.kg/тудың жаңа дизайны
Тудың жаңа нұсқасын әзірлеуге республиканың қолданыстағы қазіргі туын әзірлеуге атсалысқан авторлар жұмылдырылған. Ту авторларының бірі Жүсіп Матаевтың айтуынша, күн сәулесі бастапқыда анағұрлым көзге көрінетін көрініске ие болуы керек болған, бірақ жобаның бастапқы нұсқасы өзгерісге ұшыраған.
Парламент депутаттарының бір бөлігі бұл мәселе бойынша референдум өткізуді ұсынды, бірақ заң жобасының бастамашылары осыдан 32 жыл бұрын мемлекеттік туды референдум емес, парламент бекіткенін атап өтті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн