Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның ІІМ: Моншада зорланған баланың оқиғасы біздің елде болған жоқ

Ер адамның кәмелетке толмаған баланы зорлаған видеосы жарияланғаннан кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Ресейдегі ішкі істер басқармасына ресми сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл қадам оқиғаның жай-жапсарын нақтылау үшін жасалған.

"Оқиға Қырғызстанда болған жоқ деп айтуға толық негіз бар, видео бір-екі жыл бұрын түсірілген. Қырғыз Республикасының ішкі істер министрлігі оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін Ресейге ресми сауал жолдады", - деп түсіндірді ішкі істер органдарында.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды асығыс қорытынды жасамауға және тергеу нәтижесін күтуге де шақырады.

Бұған дейін желіде белгісіз жігіттің жас баланы зорлап жатқан видеосы пайда болды. Оқиға қоғамдық моншада болды: зорлаушы жасөспірімді күштеп ұстап, қорқытып жатты.

Талқылау