AAPL
133.41 $
-0.43 %
TSLA
679.82 $
9 %
NDAQ
177.8 $
-0.5 %
GOOGL
2450 $
0.14 %
FB
343.18 $
1.22 %
FRHC
63.27 $
3.13 %
AAPL
133.41 $
-0.43 %
TSLA
679.82 $
9 %
NDAQ
177.8 $
-0.5 %
GOOGL
2450 $
0.14 %
FB
343.18 $
1.22 %
FRHC
63.27 $
3.13 %

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Өмірбек Бабанов ұсталды

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Өмірбек Бабанов Бішкекте ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бабановтың "Құмтөр" кен орнын игеру жобасының түрлі кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық тергеу аясында ұсталғаны көрсетілген. Оған Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша күдік туралы хабарлама берілді.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті  Бабановтың "Құмтөр" жобасын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Тергеу барысында алынған дәлелдемелер негізінде 2021 жылы 31 мамырда экс-премьер-министр Бабанов Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 319-бабы 2-бөлігі (сыбайлас жемқорлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды", делінген мәлімдемеде.

Департамент бұл қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелері туралы халықты үнемі хабардар етіп отыратынын атап өтті.

Бұған дейін "Кұмтөр" ісі бойынша экс-премьер-министр Темір Сариевтен жауап алынды. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы депутаттар Тұрсынтай Сәлімов пен Сергей Ибрагимовтан да жауап алған екен.

Басылымның хабарлауынша, 15 мамырда "Kumtor Gold Company" кеңселерінде тінту жұмыстары жүргізілген. Кейінірек тергеу шаралары сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілгені белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев "Құмтөр" кенішіне қатысты төрт қылмыстық іс бар екенін айтты.

Теңіз Бөлтірік компанияның сыртқы жетекшісі болып тағайындады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр