AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі ұсталды

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Оның ұсталғанын Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, шенеунік вакциналарды негізсіз сатып алды деген күдікке ілінген.

"2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресейден, Қытайдан, Әзірбайжаннан және Қазақстаннан өтеусіз гуманитарлық көмек түрінде 451 560 доза вакцина алды. Сондай-ақ мемлекет басшысы мен президенттер арасындағы келісім нәтижесінде Ресей мен Қытайдан гуманитарлық көмек ретінде 6 миллионнан астам вакцина алынды. Осыған қарамастан, денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау министрлігі шетелдік компаниядан 1 581 000 сомға 2 460 000 доза вакцина сатып алды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Вакциналарды сатып алғаннан кейін препараттың 243 мыңнан астам дозасы қолданылмағаны, олардың жарамдылық мерзімі бітетіні атап өтілді. Барлық қаражат оффшорлық шоттарға аударылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр