Қырғызстанның арнайы қызметтері Қазақстанмен шекарада сыбайлас жемқорлықты анықтады
Қазақстан-Қырғызстан шекарасында "Ақтілек-автожол" бақылау-өткізу пунктінде сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз алымдарға қатысы бар деген күдікпен Шу облысы Ішкі істер бас басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының бастығы Шаирбек Бопонов пен басқарманың үш қызметкері ұсталған.
"Жоғарыда көрсетілген өткізу пунктінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының инспекторлары құжаттарды тексеру сылтауымен халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын автокөлік құралдарының жүргізушілерінен тұрақты негізде 500 сомнан (2 500 теңгеден астам) 5000 сомға (25 000 теңгеден астам) дейінгі сомада ақша қаражатын алғаны анықталды. Бұл ретте осы БӨП-те күнделікті жүк ағыны 100-ден 200-ге дейін автомашинаны құрайды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас басқармасының заңсыз алымдарға қатысы бар басқа лауазымды тұлғаларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда",-делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
