Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстаннан кейін Қазақстан санкцияға ұшырауы мүмкін бе? - Сыртқы істер министрлігі жауап берді

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға қауіп төндірмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Соңғы санкциялар пакетінен Қазақстанға ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Сондай-ақ санкция салудың алғышарттары жоқ", - деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров. 

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі Ресейге қарсы санкциялар енгізілген күннен бастап бұл үдерісті белсенді түрде бақылап отырады.

"Біз санкциялардан жалтаратын немесе оны жасыратын әрекеттерге бармаймыз. Сонымен қатар Ресеймен дәстүрлі экономикалық қарым-қатынасымызды жалғастырамыз", - деді Айдаров.

Оның айтуынша, Қазақстан 2022 жылдан бастап Ресейге әскери тауарларды жеткізуге тыйым салған. Қосарлы мақсаттағы тауарлар үшін арнайы сертификаттау енгізілді, яғни оларды экспорттау үшін арнайы рұқсат қажет. Сонымен қатар, электронды шот-фактуралар (ESIs) Қазақстаннан немесе Қазақстан арқылы жөнелтілетін барлық тауарларды бақылайды. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық жүйелеріне тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл жүйе заңсыз әрекет жасайтын компанияларды анықтайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Қырғызстанға санкция салуға дайындалып жатқанын және Қырғызстанның АҚШ-тың санкциялар қаупіне байланысты пікір білдіргені туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау