Қырғызстандық криминал Камчы Көлбаевтың активтері Қазақстанда іздестіріледі
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қылмыс әлемінің авторитет Камчы Көлбаевтың құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын мүлкі тәркіленгені туралы хабарлады. Сонымен қатар, Көлбаевтың заңсыз меншіктеген активтері Қазақстаннан да ізделетін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Асанбектің заңсыз жолмен алынған барлық мүлкінің алдын ала жалпы құны шамамен 1 миллиард долларды құрайды. Асанбек пен оның айналасындағылардың заңсыз активтерін іздестіру жұмыстары ел ішінде де, шетелде де, атап айтқанда Ресей мен Қазақстанда жалғасады. Оған қоса, Грузия, Түркия, БАӘ және Жапонияда іздеу жұмыстары жүргізілмек", – делінген Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесінде.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Көлбаев 4 қазанда қамауға алу әрекеті кезінде өтірілді.
Тергеу барысында тәртіп сақшылары қылмыстық топтың 40-тан астам белсенді мүшелері мен жетекшілерін ұстады. Олар Асанбек пен оның сыбайластарының бопсалау және басып алу нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыруға, сондай-ақ басқа да ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға қатысы бар деген күдікке ілінген.