Қырғызстанда сәуір айынан бастап 22 әйел никаб кигені үшін айыппұл арқалады
Фото: Аzattyq.org
Қырғызстанның Ош қаласында сәуір айынан бастап 22 әйел қоғамдық жерлерде бетін жабатын никаб киюі үшін айыппұлға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аzattyq.org порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оштaғы облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері рейдтер жүргізіп, қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде бетін жауып жүрген 22 әйелге "Қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде бетті жабуға тыйым салу" деп аталатын Кодекстің нормасы бойынша әрқайсына 20 мың сом (122 400 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Сонымен қатар 140 әйелге ескерту жасалды.
Бұған дейін Жалал-Абад қалалық ішкі істер басқармасы да 7 әйелдің әрқайсысына 20 мың сом көлемінде айыппұл салған.
Биыл қаңтарда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңға қол қойған. Осы құжатқа сәйкес, үйде уағыз айтатын және қоғамдық жерде беті жабық киім киетін адамдар 20 мың сом көлемінде айыппұл төлейді.
Бетті тұмшалауға тыйым: Министрлік қандай киімдерге рұқсат етілмейтінін түсіндірді
Желі қолданушылары никабқа тыйым салуды "әйел құқығын шектеу" деп атады
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл ереже құқық қорғау қызметін жетілдіру, азаматтық қорғау және әлеуметтік қорғауды реттеу мақсатында енгізілді. Тыйым медицина, спорт, мәдени іс-шаралар немесе ауа райы жағдайлары сияқты арнайы жағдайларды қоспағанда қолданылады.

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
