Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыс болмайды" деген сөзінен соң танымал болған қоғам белсендісі асулы күйінде табылды

2024 жылғы 5 қаңтар күні сағат 05:15-те жазаны орындау қызметінің №31 арнайы емдеу-түзеу мекемесінде айыпталушы Арстанбек Бейшеналиұлы Әбділдаев өз-өзіне қол жұмсаған. Айыпталушы мекеме асханасында асылған күйі табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкектің Октябрь аудандық соты Арстанбек Әбділдаевқа қатысты 2023 жылғы 16 желтоқсаннан 2024 жылғы 15 қаңтарға дейін қамауға алу туралы шешім қабылдады. 

Алайда 2023 жылдың 28 желтоқсанында психиатр-дәрігердің ұсынысы бойынша айыпталушы №31 емдеу-түзеу мекемесіне "анықталмаған психиатриялық тұлғаның бұзылуы, галлюцинация" диагнозымен ауыстырылған.

"2023 жылғы 29 желтоқсанда №31 емдеу-түзеу мекемесіне келгеннен кейін Арстанбек Әбділдаев дәрігерлерге кезең-кезеңімен жүрек ауруына, бас ауруына, құлақтың шуылына, асқазанның ауыруына (тамақ ішкеннен кейін), жиі шамадан тыс жұмыс істеу туралы шағымдармен жүгінді. Тексеру қорытындысы бойынша алдын ала диагноз жасалды. Коронарлық артерия ауруын, өте жоғары қауіпті гипертония және клиникалық диагнозын нақтылау үшін кардиолог, гастроэнтеролог және психиатр-дәрігерлердің комиссиялық тексеруін жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. 5 қаңтарда сағат 04:52 шамасында Арстанбек Әбділдаев колонияның асханаға кіріп, 05:15-те асулы күйінде табылды", – делінген хабарламада.

Жазаны орындау қызметі жүргізген талдауда мәйіттен еш дене жарақаты табылмаған. 

"Өлімнің нақты себебін анықтау үшін комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оны жүргізу құқығы Бішкектегі республикалық сот-медициналық сараптама орталығына тапсырылды. Тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары басталды", – деп қорытындылады жазаны орындау қызметі.

Айта кетейік, қаралы хабарды Арстанбек Әбділдаевтың адвокаты Кайсын Абакиров өзінің Facebook-тегі парақшасында жеткізді.

Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы Арстанбек Әбділдаевты қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұза отырып қамауға алған.

"Тергеу изоляторының басшылығына қорғауымдағы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше рет жазбаша өтініш қалдырдым. Алайда әлі жауапсыз қалдырып отыр. Бір түсініксізі, оны кімнің нұсқауы бойынша №31 колонияға ауыстырғанын да білмейміз. Бір сөзбен айтқанда, құқық қорғау органдарының, тергеудің, соттың, жазаны орындау қызметінің заңсыз мұндай әрекеттері адамның өліміне әкелді. Бас прокуратура басшылығынан барлық кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз", – деді адвокат Кайсын Абакиров.

Былтыр Арстанбек Әбділдаев ұсталып, оған қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы "діни араздықты (алауыздықты) қозғау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мәліметтер бойынша ол әлеуметтік желілерде, кітаптар мен брошюраларда "діни және дінаралық араздықты" қоздыруға, діндарлық белгілері бойынша азаматтардың бірегейлігін насихаттауға шақырулар орналастырғаны" туралы алынған деректер қылмыстық істі қозғауға негіз болған. 

2011 жылы Арстанбек Әбділдаев қырғыз халқының бұрынғы президентіне "қыс болмайды" деген cөзі желіде қызу талқыған түскен еді. 

"Сіз күлесіз. Бірақ бұдан кейін бәрі шындыққа айналады. Қыс болмайды. Батыс өңірінде су тасқыны болады. Ойлаңызшы, жағдайға қалай күле қарауға болады?" деді Арстанбек Әбділдаев баспасөз мәслихатының отырысында.

 

Талқылау