Қырғызстанда астананы Бішкектен басқа қалаға көшіру ұсынылды
Қырғызстанда ел астанасын көшіру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: eltr.kg
Қырғызстан парламентінің депутаты Бақытбек Марипов ел астанасын басқа қалаға көшіріп, министрлер кабинетін сонда орналастыруды ұсынды. Депутаттың пікірінше, осылайша Бішкектегі түтін мен көлік кептелісі мәселесін шешуге болады.
-
Картоп 300 теңге: Қазақстандағы азық-түлік бағасы қырғызстандықтарды таңғалдырды
-
Қырғызстанның шартын орындамаса Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы қонақүйлерден айырылады
"Ыстықкөл облысында Асман қаласы салынып жатыр. Оған 10 миллиард доллар инвестиция тартылуда. Ал Бішкектен темір жолды көшіруге 550 миллион доллар қажет. Айналма жолдың құрылысымен бірге бұл сома 1 миллиардтан асады", – деді депутат.
Сондықтан Мариповтың пікірінше, астананы Бішкектен көшіріп, үкіметті сол жаққа жіберу қажет. Осы кезде ғана жолдағы кептелістер азаяды.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда мемлекеттік әнұранды қайта жазып шығу туралы шешім қабылданған еді.