Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда көп әйел алу үшін қылмыстық жауапкершілікті жою туралы заң қабылданбайтын болды

көпәйелділікке тыйым

Фото: ЖИ

Қырғызстан президенті көп әйел алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау туралы өзгерісті қабылдамай тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kabar арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Садыр Жапаров Қырғызстан мәжілісінің депутаттары Азыгалиев, Саққараев бастамашылық еткен "Қырғызстан Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қарсылық білдіріп, жоғары кеңеске қайтарып жіберді.

Заңды 25 маусымда Жоғарғы Кеңес қабылдаған.

Осы заңның негізгі нормасы – Қылмыстық кодекстің екі немесе көп әйел алу үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 176-бабын жарамсыз деп тану.

Қарсылықтар Қырғызстан омбудсмені, Бас прокуратурасы, президент жанындағы дін істері және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттігі, ұлттық ғылым академиясының, әділет министрлігінің және сот басқармасының қорытындылары негізінде дайындалды.

Екі немесе көп әйел алу үшін қылмыстық жауапкершілікті сақтау Қырғызстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келеді. Себебі мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция, бала құқықтары туралы конвенцияға қосылған. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 12:02
Талқылау
`