Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президенті Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режимін енгізді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қаласында қайта төтенше жағдай режимін енгізуге бұйрық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

"Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және «"өтенше жағдай туралы" Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында: Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазанда сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан басшысы елде 10 қазаннан бастап ТЖ режимін енгізген болатын

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр