Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров биылғы 11 сәуірде референдумда қабылданған республиканың жаңа конституциясына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Садыр Жаппаров "Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы" Қырғыз Республикасының тиісті Заңына да қол қойды.
Еске сала кетейік, басты заңның жаңартылған редакциясын дауыс берушілердің 79,3 пайызы қолдаса, 13,7 пайызы қарсылықтарын білдірді. Белсенділік 36,6 пайызды құрады. Плебисцит 11 сәуірде, 28 қала мен 420 облыста жергілікті сайлаумен бір күні өтті.
Кейбір қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық белсенділер Конституция жобасын "ханституцией" деп сынға алып, ал Садыр Жапаров билікті тартып алуға әрекет жасады деп айыптады.
Талқылау