Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан парламенті президентке импичмент жариялау рәсімін бастады

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау рәсімін бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сооранбай Жээнбеков

"Бірқатар депутаттар бұл бастаманы көтерді (импичмент), ол күн тәртібінде қалады, бірақ әзірге тек бастамашылық деңгейде. Кейбір депутаттар қол қойды", - деді оппозициялық "Ата-Мекен" партиясының халық қалаулысы Қаныбек Иманалиев.

Оның айтуынша, бүгін 40-тан астам депутаттың қатысуымен Парламенттің жаңадан сайланған спикері Мықтыбек Абдылдаевпен кездесу өтті, онда елдегі қазіргі жағдай талқыланды. Парламентте кворум өткізу үшін 60-тан астам депутат қатысуы қажет.

Иманалиев кворум бейсенбіде өтеді деген үмітін білдіріп, "болашақ премьер-министр кандидатураларына дауыс беру процедурасын келісу мәселесі талқыланып жатқанын" айтты.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 06:28
Талқылау