Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан долларды елден шығаруға тыйым салды

Қырғызстанның Ұлттық банкі қолма-қол долларды шетелге шығаруға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, мұндай шара экономикалық қауіпсіздік пен валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданған.

Қолма-қол шетелдік валютамен операциялар бойынша уақытша шектеулер коммерциялық банктерге, айырбастау бюросына, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға қатысты. Тыйым 11наурыз сағат 17:30-да күшіне енді.

Қаулы Қырғызстан Ұлттық банкінің сайтында жарияланған.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 12 Наурыз, 2022 17:07
Талқылау