Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан азаматы Қазақстанға 2,5 миллион доллар болатын есірткіні тасымалдамақ болған

Павлодар облысында героиннің ірі партиясының транзит арнасы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар-Омбы қатынасында 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Ол Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымалдайтын VOLVO маркалы жартылай тіркемесі бар жүк көлігімен салмағы 59 килограмнан асатын "героин" есірткі заты бар 21 полиэтилен брикеті, сондай-ақ салмағы 10 келіден асатын "гашиш" есірткі затын тасымалдамақ болған.

Бұл шамамен – 250 мың бір реттік доза, оның құны қара нарықта 2,5 миллион доллардан асады.  ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі "Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Қылмыстық қызметті ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

"Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп атап өтті ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Талқылау