Қырғыз азаматы ел президентін сотқа берді
Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбековтің үстінен бас прокуратураға шағым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап.
Раушан Айтқұлова есімді азамат Қырғызстан басшысын "елдегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарта алмады" деп айыптады.
Қазірге дейін Қырғызстанда 12 мың адам коронавирус жұқтырып, 160 адам көз жұмған.
Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде Сооранбай Жээнбековті жазалау керектігін айтып, питицияға қол жинап жатыр. Қазірге дейін оған 2500-нан астам адам қол қойған.
Қырғызстан президентінің әкімшілігі әзірге Айтқұлованың арызына пікір білдірмеді.
Ал бас прокуратура арызды ресми тіркеген.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ