Қырғызстанның премьер-министрі маска тақпағаны үшін айыппұл арқалады
Қырғызстан үкіметінің мүшелеріне жаппай маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін желіде көрші мемлекеттің үкімет мүшелері түсірілген сурет жарияланған. Бұл фотосурет 18 күні республика үкіметінің ғимаратының маңында түсірілген көрінеді. Суретте 124 шенеуніктің тек екеуі ғана маска таққаны байқалады.
Бішкектің мемлекеттік эпидемиялық-санитарлық орталығы Қырғызстанның премьер-министрін, экс-премьерді және басқа да үкіметтің мүшелеріне айыппұл тағайындаған. Бұл ақпаратты министрлер кабинетінің өкілдері растап отыр. Олардың барлығына 5 мың сом (шамамен 27 мың теңге) айыппұл салыныпты. Атап айтқанда, премьер-министр Құбатбек Боронов, вице-премьерлер Еркін Асрандиев, Акрам Мадумаров, Аида Исмаилова, Мұхаммедкалый Әбілгазиев айыппұл арқалапты.
Всегда отмечают и будут отмечать его работоспособность, открытость, простоту и порядочность pic.twitter.com/KBGBtIQ7Hx
— Adilet Sultanaliev (@AdiSultanaliev) June 17, 2020
Бұған қоса үкіметтегілерге Қырғызстан Республикасы кодексінің 150 бабы, 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылған. Айыппұл олардың жалақыларынан шегерілетін болады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
