Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда басталған дала өрті Жамбыл облысының аумағына өтіп кеткен

Қырғыстанда басталған дала өрті Жамбыл облысының аумағына өтіп кеткенФото: Жамбыл облыстық ТЖД

Жамбыл облысында Қазақстанға Қырғызстан аумағынан өткен өрт сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ррт Қырғызстан аумағында құрғақ шөп тұтануынан басталған. Күшті желдің салдарынан жалын Жамбыл облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жеріне тараған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД, орман күзеті және Қырғызстан құтқару қызметінен 140 адам мен 18 техника бірлігі жұмылдырылды.

"Өртті сөндіру барысында екі елдің қызметтері, соның ішінде мемлекеттік шекарадан еркін өтуге мүмкіндік берген шекара ведомстволарының үйлесімді жұмысы ерекше маңызды рөл атқарды. Өртті сөндіру кезінде заманауи бақылау және үйлестіру құралдары: департаментке тиесілі екі ұшқышсыз ұшу аппараты, 'Қазавиорманқорғау' тікұшағы, командалық-штабтық көлік және үш Iridium спутниктік терминалы пайдаланылды", – делінген хабарламада. 

Өрт Қазақстан аумағында шамамен 300 гектар жерді қамтыған, өрт толығымен сөндірілді. Қазір құтқарушылар оқиға орнын бақылауға алып, күзет жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында орман өрті шыққаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 19:59
Талқылау
`