Кипрге қашты делінген Бауыржан Байбек неміс мектебіне қаржылық қолдау көрсеткен
Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек Германиядағы музыкалық мектепке қаржылық қолдау көрсеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: t.me/yyedilov/
Бұл туралы саясаткер Ербол Еділов Тelegram-арнасында жазды.
“Кипрге қашқан Бауыржан Байбек Любек қаласындағы музыкалық мектепке қаржылық демеу берген. Осылайша танымал пианиношы Эвелинда Трекнердің бюстін орнатып берді”, – деп жазады ол.
Экс-әкім Германияның Любек қаласындағы музыкалық мектебінде “Болашақ” бағдарламасымен білім алған. 1998 жылы ол “педогог” мамандығын тәмамдады.
Еске салайық, бұған дейін экс-әкім Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ