Кино жұлдызы қатерлі ісіктен қайтыс болды

Болливуд жұлдызы Риши Капур қатерлі ісіктен қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеп хабарлайды.

актер

Үнді әртісіне 2018 жылы лейкемия деп диагноз қойған. Ол емделу  үшін Нью-Йоркке көшіп келіп, өткен жылдың қыркүйек айында туған қаласы Мумбаиға қайта оралған еді. Әртіс 67 жасында қайтыс болды.

Оның атасы Притхвирадж Капур, әкесі Радж Капур, ағасы Рандхир және Раджив, сондай-ақ оның ұлы мен немерелері және жиендері де киноға түседі.

Риша Капурдың ең танымал жұмыстарының ішінде — "Тірі тұрғанда", "Соқыр махаббат", "Аздап махаббат, аздап сиқыр", "Жыл студенті", "Сен және мен", "Бобби", "Отты жол", "Махаббаттың бүгіні ме өткені" және "Амар, Акбар, Антони" сынды киноларды атап өтуге болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр