Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кінәсі дәлелденді”. Шымкентте полиция ғимаратында қайтыс болған жігітке сот үкім шығарды

Шымкентте полиция ғимаратында қайтыс болған жігітке сот үкімі шықты. Оның өзгенің мүлкіне қол салғаны дәлделденіп отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрболат

Шымкентте полиция департаментіндегі тергеу кезінде қайтыс болған жігіт ісіне сот нүкте қойды. Бұл туралы ақпарат қалалық соттың ресми сайтында жарияланды. Деректе Қаратау аудандық соты қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3 тармағымен айыпталған Нұрболат Жұмабаев пен Андрей Шестопаловқа қатысты іс аяқталғаны жазылған. Яғни сот күдіктілердің жәбірленуші меншігіндегі 20 000 000 тенге туратын "Lexus LX 570" маркалы көлігін жасырын жымқырып, аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтіргенін анықтаған. 

Олардың кінәсі сотталушы Андрейдің сот тергеуіндегі алғашқы жауабымен, жәбірленуші, куәлердің жауаптарымен және басқада іс бойынша жинақталған дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.

Осылайша сот сотталушы Андрей Шестопаловқа қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазаны қылмыстық-атқару жүесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейді. Полиция ғимаратында қайтыс болған Нұрболат Жұмабаев та қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қайтыс болуына байланысты жауаптылықтан босатылды.

Үкім әзірге күшіне енген жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін көлік ұрлады деп күдікке ілінген Нұрболаттың тергеу кезінде қайтыс болғанын және бұл іске байланысты 4 полицейдің ұсталғанын жазылған еді.

Талқылау