Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кінәлі әйел болып шықты: Қостанайда полицейлер зорлық болған істі жылы жауып қоя салғысы келген

Қостанайда әйел зорлаған азаматтың сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зорлық көрген Қостанай тұрғыны бір жылдан кейін әділдікке қол жеткізді. Бұл істің аяқталуына Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтың өзі  көмектесті. Азаматтарды қабылдау кезінде облыс орталығының тұрғыны оған жасалған шабуылды тергеуде және зорлау әрекеті кезінде жәбірленушіден кінәліге айналғанын айтты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Департамент берген ақпаратқа сәйкес, процессуалдық тәртіп бұзушылыққа жол берген тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұл істе әділдік салтанат құрды. Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ бес жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оны офицерлік атағынан айырды.

Азаматшаға зорлық көрсеткет қылмыскер алты жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, ведомствода мәлімдегендей, іс жүзінде жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін еді.

Оқиға былай болған: департамент бастығының қабылдауында әйел таңертең ерте жұмысқа бара жатқанда, жас жігіт шабуыл жасап, аяғынан шалып, ұра бастаған. Сол маңнан өтіп бара жатқан ер азамат әйелге көмек қолын созып, әрең дегенде құтқарып қалған. Оқиғадан кейін зорлық көрген әйел құзырлы органдарға хабарласқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жұмылдырылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен белгілі болғандай, қаскөй 15 минуттан кейін оқиға орнынан екі аттам жерде басқа әйелге тағы бір шабуыл жасаған. Полиция оны екінші қылмыс орнында "ізін суытпай" ұстады.

Бастапқы тергеу әрекетінде-ақ істің ақ қарасы белгілі болған. Күдікті бар, екі жәбірленушінің айғақтары бар. Бірақ одан әрі тергеу барысында барлығының асты үстіне шықты. Қылмыс бойынша тіпті сараптама тағайындалмаған, одан кейін істі мүлдем тоқтатып тастаған. Оған себеп - қылмыс құрамының болмауы.

Істі жабу туралы қаулыда тергеуші күдіктінің тайып кетіп, құлап кеткенін, оның соңынан әйел де құлап кетті деп көрсеткен. Сонымен қатар, іс жүзінде қылмысты жасырған тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде әйел полиция департаментіне хат жазып, ведомство басшысы мен қылмыстық істі тергеуді аяқтаған тергеушіге алғысын білдірді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...