"Кімнен қашып жүр?!": Kalifarniya концерт қоямын деп ұятқа қалды
Фото: https://www.instagram.com/kalifarniya/
Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев көпшіліктің сынына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің арнайы күзетшілермен бірге жүргені видеоға түсіп қалды. Танымал хитменнің іс-әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды.
"Кімнен қашып бара жатыр? Ешкім қуып бара жатқан жоқ қой", "Тыңдарманын сыйлауды Димаштан үйреніңдер", "Тіпті әлемдік жұлдыздар да өзін дәл осылай ұстамайды", "Бұл кім өзі?", "Джей Лоның өзі бұлай қашқан жоқ қой", "Жұлдыз ауруы деген осы ма?", "Оны қуып келе жатыр?" – деп жазды көпшілік.
-
"Үйге барғасын жазаңды аласың": Kalifarniya-ның су жаңа әні шықпай жатып, сынға ұшырады
-
"Әйелінен кешірім сұрап, балаларына барды": Kalifarniya әні арқылы татуласқан отбасыны айтты
Еске салайық, Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілу құрметіне орай гала-концертінде Kalifarniya сахнада музыкаға ілесе алмай қалған еді.
“Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын”, “Екі нотаның арасында жүр”, “Даусы шықпай қалды”, “Димаш сияқты дайындық жасап шығуы керек”, “Қатты семіріп алғасын, даусы жетпей тұр”, – деп жазды көрермен.
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады