Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Кімге үйленгенін білуі керек": Әсел Асқар өзіне ұнамайтын жігіттер туралы айтты

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар өзіне ұнамайтын жігіттерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы Мира Ахмадиге сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Менің ешкіммен кездеспегеніме ұзақ уақыт болды. Бірақ жігіттер жазып, кездесуге жиі шақырады. Оларға қатты талап қоя бермеймін. Бірақ қазіргі тілмен айтқанда “ред флагтағы” жігіттер бар. Алдымен, шектеу қоятын жігіттермен араласпауға тырысамын. Менің жұмысым – кино индустрия саласы. Ал ол маған “сен киноға түспейсің, блог түсірмейсің” десе қарым-қатынас құрыла ма?! Кімге үйленгенін білуі керек, білмесе Google-дан ашып оқуы керек. Менің шығармашылығымды құрметтесе деймін. Алайда қандай киноға түсіп жатқаныңды, қай жерден жарнама алғаныңды екінші жартыңа айтасың. Ұятты сахналар болса, ол келіспеуі мүмкін. Оған мен де ренжимін. Бірақ “Сен өз киноңды түсірсеңші. Мен саған көмектесемін” десе керемет болатын еді. Әйелді шектеу дұрыс емес”, – деді актриса. 


  • "Ұзақ өмір тілей алмаймын": Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды

  • "Ұлымды әскерге жібермеймін": Әсел Асқар әскерге жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқандарға ашуланды


Сондай-ақ желі жұлдызы болашақта тұрмыс құрғысы келетінін жасырмады. 

“Қазір менің жасым ең керемет жастың бірі. Қартайып та тұрған жоқпын. Алайда басымнан көп дүние өтті. Егер менің қолымды сұрап, менімен болашақ құрғысы келетін адам болса, менің қарсылығым жоқ. Мен влогтарымды жігіт туралы айтсам, ешкім сенбейді. Өйткені бәрі әзіл деп қабылдайды. Бірақ жігітке қоятын бір ғана талабым бар: Менен көп ақша табуы керек. Ер-азаматтың әйелінен көп табуы оның жауапкершілігін білдіреді”, – деді блогер. 

Еске салайық, Әсел Асқардың бір күндік образы қызу талқыға түскен еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 11:57
Талқылау