Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кімге қалай төлейтініміз белгісіз": Өскемен тұрғындары коммуналдық төлем ақысын қабылдайтын мекемені таппай дал болып жүр

Өскемендегі бұрынғы әскери қалашықтың жүздеген тұрғыны пәтерлерін жекешелендіре алмай жүр. Оларға жылу мен ыстық су үшін жалған қарыз жазған екен. Тұрғындар оны да төлеуге дайын, бірақ қайда екен білмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

коммуналдық төлем

"Ново-Ахмирово" әскери қалашығы екі жыл бұрын Өскемен қаласының бір бөлігі болды. Мұнда қалалық автобустар жүреді. Тұрғындар жарық, суық су, қоқыс шығару үшін қалалық коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Мәселе жылу мен ыстық су үшін төлемде болып отыр.

"Мұнда бізде жылуға келісімшарт та, басқасы да жоқ. Жалпы қайда төлеу керек екені түсініксіз", - деді жергілікті тұрғын Ольга Голяшева.

Әскери қалашықты өңірлік эксплуатация бөлімінің қазандығы арқылы ыстық сумен және жылумен қамтамасыз еткен. Олар тұрғындарға шот ашқан. Қыста пәтерлердегі температура +8-ден аспаған және ыстық су бірнеше сағат бойы ғана берілген кездер болған екен, сондықтан қалашық тұрғындары төлемді қайта есептеп, келісімшарт жасасуды талап етті. Бұл кімге және не үшін төлеу керектігін білу үшін керек екен.

"Өңірлік эксплуатация бөліміне баруым жұмысқа тұрғандай болды, мен бірінші рет талап ете бастадым, жылыту үшін жеке келісімшарт беруді өтінеміз, қаладағы секілді. Мен бұған әлі де қол жеткізе алмадым", - деді Өскемен тұрғыны Светлана Шевцова.

Тұрғындар сұрау жіберген салық органынан салық қызметкерлерінде ағымдағы шоттың иесі туралы ақпарат жоқ деген жауап келген. Коммуналдық қызметтер үшін қандай компания төлем қабылдап отырғаны белгісіз.

"Кімге төлейтініміз белгісіз. Біз өңірлік эксплуатация бөлімімен келісім жасасқан жоқпыз, кімге қалай төлейтініміз белгісіз", - деді қалашық тұрғыны Вера Григорьева. 

Әскери қалашықтың әрбір тұрғынының жылу үшін қарызы 300 мыңнан асады, бұл тұрғындарға пәтерлерді жекешелендіруге мүмкіндік бермейді.

Тұрғындар облыс прокуратурасына хат жазған. Ведомство істі тексеруге уәде беріп, қорғаныс министрлігіне сұрау жіберіпті. Егер қазандық әскери баланста болса, жылу үшін төлем минималды болуы керек. Әскери қалашықтарда көмір тегін жеткізіледі. Қайта есептеуден кейін тұрғындар төлемдерді төлеуге дайын.

Ал егер бұл жеке құрылым болса, онда оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер тергейді. 

Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындардың бұрынғы қарызы үшін жауап бермейтінін мәлімдеді. Қазір арнайы комиссия қазандықты қалаға көшірумен айналысып жатыр.

"Қазандыққа келсек, қазір Өскемен қаласының әкімдігінде де жылу желілерін беру жұмыстары жүріп жатыр. Бергеннен кейін тиісінше жөндеу жұмыстары басталады, бұл қыста осы учаске тұрғындарынды жылуға байланысты ақаулар болмауы үшін керек", - деді Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.

Әскери қалашықтың тұрғындары сотқа талап-арыз дайындап жатыр. Олардың көпшілігі қарулы күштерде 30 жылдан астам уақыт қызмет еткен және тұрғын үйді жекешелендіруге толық құқығы бар.

 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 21:51
Талқылау