Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кімге беру керегін біледі": Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жапты

Фото: https://www.instagram.com/zhumabek_zhanykulov

Танымал дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның күйеуіне сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дінтанушы кәсіпкер, меценат Жұмабек Жанықұловты қуантты.

“Жұмабектің имамы. Жұрттар имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты", – деп жазды кәсіпкер.  

“Бірінші қоныстойымыз. Ата-анамыздың ақ батасын алдық. Нұрлан имам келіп, құран оқыды”, – деп бөлісті Динара.



Алайда желі қолданушыларына имамның бұл әрекеті ұнамай қалған. 

"Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?", "Нұрлан имам да біледі кімге жабу керегін", "Неменеге жауып жатыр?", "Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам", "Жеке имамы несі?", – деп жазды көпшілік.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 10:06
Талқылау