Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кімдерге маска тағу керек: Министр жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов өзінің желідегі парақшасында бетперде тағу керек адамдар тобын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі. 

"Қазір мектеп оқушылары мен студенттер үшін демалыс уақыты басталды. Өкінішке орай, кез келген бала, мектеп оқушысы немесе студент инфекцияның тасымалдаушысы бола алады. Достарымен серуендеп, бір-біріне жұқтыруы мүмкін. Олар COVID-19-дің көрінбейтін тасымалдаушысы бола алады, ал ата-аналары мен үлкен туыстары үйде, олар әлсіз және бұл ауруға төзе алмайды. Бұл қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін", - деп жазды Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, 5 маусымда ДДСҰ әртүрлі топтарға маскаларды қолдану туралы жаңартылған ұсыныстар шығарды. COVID-19 таралуын болдырмаудың міндетті шарасы - әлеуметтік қашықтықты сақтау (кемінде 1 метр).

"Маскаларды медициналық персоналмен, тыныс алу органдарының аурулары бар адамдармен, халықтың әлсіз топтарындағы адамдармен, сонымен қатар 1 метр қашықтықты сақтау мүмкін болмаған кезде халықтың барлық топтарымен кию ұсынылады. Сонымен бірге, ДДСҰ адамдарға, тіпті коронавирус белгілері бар болса да, медициналық маскалар тағуды ұсынады", - деп атап өтті Біртанов.
Сонымен қатар, ол кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында ДДҰ пікірімен пандемия жоқтығы туралы таратылған ақпаратты жоққа шығарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр