Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қымбатшылықтан қашып құтыла алмаймыз": Сарапшылар Қазақстанда автобөлшектер бағасының әлі де көтерілетінін болжады

Қазақстанда жыл басынан бері автобөлшектер бағасы 25%-ға өскен. Мамандардың айтуынша, қосалқы бөлшектердің тапшылығы мен бағаның өсуіне Ресейге қарсы салынған санкциялар әкеп соққан. Көрші елдегі тауар жетіспеуі біздің нарыққа да әсер еткен. Кей бөлшектер қымбаттап кетсе, кейбірі мүлде жоқ. Сарапшылар баға өсімінің әлі де болатынын жоққа шығармайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

бөлшектер

Роберт Ли радиатор, тежеуіш қалыптары, дисктер мен сүзгіштер өндіретін отандықы ірі өнеркәсіпті басқарады. Компания өз өнімдерін Қазақстанда және Ресейдің 20 қаласында сатады. Директордың сөзінше, соңғы бірнеше айда сұраныс артқан. Мұнымен қоса материалдар бағасы көтерілген. Кәсіпкер әзірге бағаны ұстап тұрғанымен, барлығы тек материалға байланысы емес дейді.

"Қазір бағаны ұстап тұруға тырысып жатырмыз. Алайда бұған теңгенің жағдайы да әсер етеді. Яғни бұдан қашып құтыла алмаймыз. Жыл басында бағаны тек 10-15% төңірегінде ғана көтердік. Бұл нарықтағы бағадан арзан", – деді "Gerat Distribution" ЖШС директоры Роберт Ли.

Автосарапшылар Қазақстанда қымбатшылықпен қатар бөлшектердің тапшылығы байқалады дейді. Дилерлер әзірге қалған қорды пайдалануда. Алайда олар да таусылады. Осы кезде өзге көліктерді бөлшектеуге тура келеді.

"Ресей кей бөлшектерді экспорттауға тыйым салды. Тіпті кепілдендірілген қызмет көрсетуге іліккен көліктер үшін де. Яғни көлік сатылып, Қазақстанға жеткізілді. Мұнда өз иесін тапты. Егер көлікті сервистік қызмет көрсетуге алып келсе, қосалқы бөлшек болмауы мүмкін. Қолданылған бөлшектер нарығында да тапшылық туындайды. Сондықтан әзірге жүріп тұрған көліктерді бөлшектеуге тура келеді. Бұл – жалғыз бөлшек көзі. Уақыт өте бұл да реттеледі. Дегенмен сәл қымбат болуы мүмкін", – дейді "За рулем Казахстан" журналының бас редакторы Алексей Алексеев. 

Сарапшылар автобөлшек тапшылығының салдарынан жүргізушілердің көліктерін сирек жөндеуіне алып келетінін айтады. Сәйкесінше ТЖО және қалпына келтіру цехтарына келушілер көбейеді. Алайда сұраныс салдарынан сервис орталықтарында баға көтеріледі. 

Автосарапшылар бөлшектер бағасына доллар бағамының тұрақсыздығы, Ресейден жеткізілетін тауар санының азаюы және өзге де фактор әсер етеді дейді. Жыл соңына дейін қосалқы бөлшек бағасы тағы 25%-ға көтерілуі мүмкін. Ірі бренд бөлшектерінің құны өзгеріссіз қалады. Ал ресейлік тауарлардың тапшылығы бізге қатты біліне қоймайды. 

Талқылау