Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздың шақыруымен үйіне барған": Қазақстандық әйел "Бүркіт" арнайы жасағының сарбазын 17 жастағы ұлын соққыға жықты деп айыптады

Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде қазақстандық әйел 17 жастағы ұлын соққыға жыққанын айтып шағымданды. Айтуынша, жауынгер баласының қымбат телефонын тартып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйел әділдікке қол жеткізуге үміттенетінін алға тартты. Айтуынша, 2025 жылдың қаңтарында 17 жастағы ұлы бір қыздың шақыруымен соның үйіне барған.

"Олар оңаша қалғаннан кейін біраз уақыт өткенде, біреу есікті қаққан. Бұл – қыздың ағасы болып шықты. Ол "Бүркіт" арнайы бөлімінде қызмет етеді", – деп жазды Qumash Telegram-арнасы.

Анасының айтуынша, қыз жасөспірімге диванның астына тығыл деп айтқан. Алайда құжаттарын аламын деп кірген ағасы баланы тауып алып, оны ұрып, қымбат ұялы телефонын тартып алған.



Жәбірленушінің анасы сот әскери қызметкердің жағына шығуы мүмкін екенін айтып, отбасының әділдік пен өтемақысыз қалуынан қорқатынын жеткізген.

Қазір іс Ақмола гарнизонында қаралып жатыр.

"Қазір іс жәбірленушінің науқастануына байланысты 22 қыркүйекке шегерілді", – деді әскери соттың баспасөз қызметі.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 16:31
Талқылау