Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қымбат рубин тасы бар тәж": Баян Мақсатқызы ұйымдастырып жатқан "Алтын ханым" байқауының жүлде қоры белгілі болды

Фото: Жеке парақшадан алынды

Продюсер Баян Мақсатқызының жобасы “Алтын ханым” байқауының жеңімпазы қандай сыйлық алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоба ұйымдастырушыларының бірі, әнші Аша Матай жеке парақшасында жазба жариялады.

"Алтын ханым" жобасының жеңімпазына арнайы қызыл түсті, қымбат рубин тасы бар салтанатты тәж табысталады. Бұл тәж – батылдықтың, сұлулықтың және әйелдің ішкі күшінің айқын белгісі. Ол жеңімпаздың сыртқы сымбатын ғана емес, оның парасаты мен көшбасшылық қасиетін де бейнелейді. Сонымен қатар жеңімпазға қызыл түсті заманауи автокөлік сыйға беріледі. Бұл ерекше сыйлықтар – жобадағы қажырлы еңбектің, табандылықтың және үлкен жетістіктің лайықты бағасы әрі жеңімпаздың жаңа белестерге жол ашатын символы саналады”, – деп жазды әнші. 


  • "Қызым оның әнін тыңдамаса, тамақ ішпейді": Баян Мақсатқазы Raim-ды жобасына шақырды

  • "Ұлымды көрмегеніме – 20 жыл": "Бөрте" рөлін сомдаған актриса Айя Шәріптің тұңғыш ұлын экс-күйеуі Америкаға алып кеткен


Айта кетейік, продюсердің іріктеуінен өтпей қалған келіншек жобаның көлеңкелі тұстарын айтып берген еді. Баян Алагөзованың "Алтын ханым-2025" шоуына қатысуға 3 мың әйел өтініш білдірген еді. Алайда олардың 27-сі ғана іріктеуден сүрінбей өтті. 

"Баян Мақсатқызы неліктен жобасына тек блогерлер мен бизнесмен әйелдерді қатыстырады?! Олар онсыз да танымал емес пе?! Өзімнің 1 метр 80 сантиметрлік бойыммен барлық стандартқа сай келемін деп ойладым. Бірақ ең бірінші әлеуметтік желіде оқырмандарың болуы керек екен. Одан кейін қатысу үшін ақша төлеуді талап етеді", – деп жазды Сұлушаш есімді келіншек.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 09:24
Талқылау