Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кім "матом" сөйлесе, сол "честный" адам": Жұмысын мақтаймын деп даттап жіберген ер адам жұртты күлдірді (видео)

Әлеуметтік желіде сұхбат беріп тұрып жұмысының жақсы екенін "ерекше әдіспен" айтқан ер адамның видеосы қызу талқыға түсті. Көпшілік көріп, бір күліп алғанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

хорошо

Видеоны бөліскен Елдос Самат есімді желі қолданушысының айтуынша, мұндай жағдай көптеген ер азаматтың сөздің нағыз аударғанда нені білдіретінін білмегендіктен туындайды. 

«Күлеміз-ау. Күлмесек біз қазақпыз ба? Бәріміз де осы бауырымыз сияқты өндірісте жасаймыз-ау. Сөздің шыны керек, Атырауда оқып, сол жерде жұмыс жасап жүргесін ауызекі сөйлеуде осындай дөрекі немесе өзімізге орынды, бірақ басқа адамға анайы естілетіндей сөздер айтып жіберетініміз бар. 
Кейбір адамдар оны басқаша түсініп, тәрбие мен шатастырып жатады. Ол мүлде қате ұғым негізі», - дейді ол. 

Әрі қарай желі қолданушысы кейде қалай бар, солай айтқанның артық болмайтынын жеткізді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

«Соларға қысқа да нұсқа жауап: Кім де кім матом сөйлесе, ол самый честный адам! Ыңылдап, мысық құсап мияулағаннан, қалай бар, солай айтқан дұрыс қой», - дейді ол.  

Желі қолданушылары өз кезегінде бұл пікір орынды деп бағалады. Арасында тіл білген артықтық етпейтінін алға тартқандар да бар. 

Талқылау